Қазақ тілі

Туыстық атаулар

Қазақ халқы ертеден өзінің тілі мен дәстүрін қалыптастырған түркітектес халық. Тіл ерекшелігі мен сөз мағынасы жағынан қазақ тілінің атаулары мен сөйлеу мәнері тұрғысынан әлемдегі ең бай тілдің бірі.

Осы бай тілдің бір ерекшелігі — туыстық атаулар. Төменде туып-өскеннен қартайғанша айтылатын қазақы атаулар мен олардың мәні жиналған.

68 атау

Бала

Бала

Балиғат жасына жетпеген перзент.

Ұл

Кәмілетке толмаған ер бала.

Қыз

Кәмілетке жетпеген әйел бала.

Әке-шеше

Әке

Перзентті болған ер адам.

Үлкен әке

Әкенің ағасы.

Кіші әке

Әкенің інісі.

Ана

Басқа атауы шеше

Сәби сүйген әйел заты.

Үлкен шеше

Үлкен әкенің әйелі.

Өгей шеше

Туған анасы қайтыс болғанда немесе ажырасқанда, әкесі қайта отау құрған әйел.

Өгей әке

Әкесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.

Ата-әже

Ата

Әкесінің әкесі.

Әже

Әкесінің шешесі.

Нағашы ата

Басқа атауы ата

Шешенің әкесі.

Нағашы әже

Басқа атауы апа

Шешесінің шешесі.

Кіндік

Кіндік шеше

Туған кезде кіндігін кескен әйел. Қазақта кіндік шешенің жолы үлкен. Баланың туғанынан адам болып кеткенше, кіндік шеше оның жағдайын қамтамасыз етіп отырған.

Кіндік әке

Перзенттің кіндігін кескен ер адам.

Бауырлас

Аға

Жасы өзінен үлкен ер адам.

Әпке

Жасы өзінен үлкен әйел адам.

Іні

Жасы кіші ер адам.

Қарындас

Ер адамға қарағанда жасы кіші әйел.

Сіңлі

Әйел адамға қарағанда жасы кіші қыз.

Бауыр

Бірге туған тумасы.

Ағайын

Ағайын-туыс

Бір рудың адамдары.

Жамағайын

Аталас ағайын жұрты.

Жұбай

Жеңге

Ағаның жұбайы.

Келін

Баласының және інісінің жұбайы.

Жезде

Әпкенің күйеуі.

Күйеу

Әйел адамның некелескен ері.

Күйеу бала

Ұзатылған қыздың, не қарындасы мен сіңілісінің күйеуі.

Қалыңдық

Атастырылып қойған қыз.

Жиен

Жиен

Ұзатылған қыздан туған бала.

Жиеншар

Жиеннен туған перзент.

Дегеншар

Жиеншардан туған бала.

Көгеншар

Дегеншардан туған бала.

Жиен іні

Ұзатылған қыздан — әпке мен қарындастан — туған, жасы кіші ер адам.

Жиен қарындас

Ұзатылған қыздан — әпке мен қарындастан — туған, жасы кіші әйел адам.

Жиен сіңлі

Ұзатылған қыздан — әпке мен сіңліден — туған, жасы кіші әйел адам.

Қайын жұрт

Қайын ата

Әйелінің әкесі.

Қайын ене

Әйел жақтың анасы.

Қайын аға

Қыз жақтағы үйдің жасы үлкен ері.

Қайынбике

Әйел жақтың әпкесі.

Балдыз

Әйелдің сіңілісі. Көп жерлерде балдыз деп ер адамға да айтады.

Балдыз келін

Қайын інісінің әйелі.

Бажа

Әйелдің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам.

Абысын

Қайын ағаның әйелі.

Ажын

Қайын інінің жары.

Төркін

Тұрмысқа шыққан қыздың әке-шешесі мен туып-өскен ортасы.

Нағашы

Нағашы аға

Шешесінің аға-інілері.

Нағашы әпке

Анасының әпке-сіңілдері.

Нағашы іні

Шеше жақтың аға-інілерінен туған, жасы кіші ер адам.

Нағашы қарындас

Анасының туыстарынан туған, жасы кіші әйел адам.

Нағашы сіңлі

Негізінен әйелдерге қаратылады. Шешесінің аға-інілерінен туған, өзінен жасы кіші әйел адам.

Нағашы жеңге

Нағашы ағалардың әйелі.

Нағашы жезде

Нағашы әпкелердің күйеуі.

Нағашы келін

Нағашы інілердің әйелі.

Нағашы күйеу

Нағашы қарындасы мен нағашы сіңлілерінің күйеуі.

«Нағашы келін» мен «нағашы күйеу» тұрмыста сирек айтылады. Туыстықтың түбін қопарып, кім екенін анықтағанда ғана кездеседі.

Бөле

Бөле

Туысқан, ағайын адамдардың қыздарынан туған бала.

Қарын бөле

Бір туған әпкелі-сіңілдердің баласы.

Бөле аға

Ер бөлелердің жасы үлкені.

Бөле қарындас

Әйел бөлелердің жасы кішісі.

Ұрпақ тізбегі

Өз перзентінен сегізінші буынға дейін. Әр атау — келесі ұрпақтың есігі.

  1. 1

    Бел бала

    Әке-шешенің өзінен туған төл перзенті. Алғашқы дүниеге келген сәби.

  2. 2

    Немере

    Ұлынан туған нәресте. Екінші дүние есігін ашқан бала.

  3. 3

    Шөбере

    Немереден туған бала. Үшінші ұрпақ.

  4. 4

    Шөпшек

    Шөбереден туған бала. Төртінші ұрпақ.

  5. 5

    Немене

    Шөпшектен туған бала. Бесінші ұрпақ.

  6. 6

    Туажат

    Неменеден туған бала. Алтыншы ұрпақ.

  7. 7

    Жүрежат

    Туажаттан туған бала. Жетінші ұрпақ.

  8. 8

    Жегжат

    Жүрежаттан туған бала. Сегізінші ұрпақ.

Tarihi.kz

Әрбір отбасының тарихын сақтауға көмектесеміз.

Байланыс

Астана, Қазақстан
Дс-Жм: 9:00-18:00
© 2026 Tarihi.kz. Барлық құқықтар сақталған.
Құпиялылық саясатыПайдалану шарттары

Қазақтың ұлттық дәстүрін сақтау — біздің миссиямыз